"Сән-салтанат салығы" қашан енгізіледі?

831

Елімізде 2024 жылы "сән-салтанат салығы" енгізілуі мүмкін. Бұлай деп қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистер сұрағына берген жауабында айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

"Сән-салтанат салығы" қашан енгізіледі?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Салық кодексі" болады, сонда көрсетіледі. Салықты әзірлеу туралы тапсырма бар. Біз оны 2023 жылдың қыркүйегіне дейін пысықтап, кейіннен Мәжіліске енгізуіміз керек. 2023 жылы заң қабылданып, 2024 жылдың басынан бастап күшіне енеді деген үмітіміз бар, - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында "сән-салтанатқа салық" салуды енгізу керектігі жөнінде айтылған.

"Мұның орта тапқа қатысы жоқ, бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынады", - деді Мемлекет басшысы.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу