Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегіне не кедергі екені белгілі болды

1012

Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегіне не кедергі екені белгілі болды

Санчес Головкин мен Альварес жекпе-жегіндегі басты тосқауылды атады. Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға не кедергі екенін айтып берді. Бұл турал Sports.kz-ке сілтеме жасап "ҚазАқпарат" хабарлайды.

"Олар рингке шығып, қолғап түйістірмейінше айқас болмайды. Бір жылдан кейін  немесе одан да аз уақытта бұл күн туады деп үміттенемін. Бұл айқасты көруді армандаймын. Канело  өте талантты боксшы. Мұны сөзбен айтып қана қоймай, іспен де дәлелдегені жөн. Ең бастысы, Канело мен Головкиннің келісім беруі, себебі бәріміз соларға жұмыс істеудеміз. Менің ойымша, жекпе-жектің ең басты тосқауылы Оскар (Де Ла Хойя), ол Канелоның Головкинді жеңетініне 100% сенімді емес. Канелоның өзі сенімді, ал Оскардың көзқарасы басқа.  Оған Канело өз қабілетін дәлелдесе ғана, тамаша жекпе-жек көре аламыз", – деп Boxingnews24.com бапкердің сөзін келтірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу