Санитариялық авиация науқас әйелді Екібастұздан Павлодарға жеткізді

341

Науқас мамандандырылған көмек алу үшін жеткізілді.

Санитариялық авиация науқас әйелді Екібастұздан Павлодарға жеткізді Фото: Бейнежазбадан

ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ экипажы санитариялық авиациямен науқас әйелді Екібастұздан Павлодарға жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әуе кемесінің бортында мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж әйел болған. Ол жедел түрде облыс орталығына жеткізіліп, кейін тиісті мамандарға тапсырылды.

Санитариялық авиация шалғай елді мекендердегі науқастарды медициналық көмек көрсету үшін қысқа уақытта облыс орталығына жеткізуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу