Санкциялардың Қазақстанға әсерін бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде

763

Ұлттық банк сыртқы нарықтағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Бұл туралы бас банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы банк сайтына сілтеме жасап.

Санкциялардың Қазақстанға әсерін бағалау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде

 

"Ұлттық банк бұрынғыдай сыртқы нарықтардағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалайды. Қажет болған жағдайда Ұлттық банк ұлттық валютаға қатысты жағдайды тұрақтандыруға, оның ішінде валюталық интервенциялар жүргізуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын", - деді Әлия Молдабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу