Санкт-Петербург әуе кеңістігі 200 шақырым радиуста жабық

332

Санкт-Петербургтің үстіндегі әуе кеңістігі жабық: қазір қалаға ұшатын ұшақтар арасында бірде-бір азаматтық әуе кемесі жоқ, Пулково әуежайы ұшақтарды қабылдауды не ұшыруды тоқтатты. 

Санкт-Петербург әуе кеңістігі 200 шақырым радиуста жабық Фото: google

Бұған Flightradar сервисінің деректері дәлел бола алады, деп жазады inbusiness.kz.

Сервис картасы Пулково әуежайында екі азаматтық рейс күту режимінде тұрғанын көрсетті. Мәскеуден Санкт-Петербургке бет алған ұшақ кері бұрылды. Қала көгіне жойғыштар ұшырылды.

"112" телеграмм-арнасы жазғандай, Пулково әуежайы белгісіз әуе нысанына байланысты жабылды. Әскери немесе құтқару ұшақтарын басқа барлық әуе кемелерін дереу отырғызуды немесе осы аймақтан шығаруды көздейтін "Кілем" жоспары енгізілді.

"Рен-ТВ" Санкт-Петербургтегі Пулково әуежайы аймағындағы әуе кеңістігі 200 км радиуста жабылғанын хабарлап, қазір тәртіп бұзушыны іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу