Санкт-Петербург биржасы теңгемен сауда-саттық жүргізетінін жария етті

476

Ресей биржасындағы теңгемен саудаланатын алғашқы құнды қағаз – ҚазМұнайГаз акциялары болады. 

Санкт-Петербург биржасы теңгемен сауда-саттық жүргізетінін жария етті  Фото: skynews

Ресейдегі Санкт-Петербург қор биржасы желтоқсан айынан бастап өз алаңында теңгемен сауда-саттық жүргізуді бастайтынын жариялады деп хабарлайды, inbusiness.kz Санкт-Петербург биржасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биржада теңгемеген алғаш рет 7 желтоқсанда IPO-ға шығарылатын "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ құнды қағаздарын сатып алуға болады. Болашақта Санкт-Петербург биржасы ТМД елдерінен бағалы қағаздар тізілімін ұлғайтып, Қазақстанның тағы бірнеше ірі эмтитенттерімен сауда-саттық жүргізуді жоспарлап отыр. 

Ресейлік биржа алаңында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акциялары 8-желтоқсаннан бастап сатыла бастайды. Орналастыру бағасы еліміздегі секілді 8406 теңге деп белгіленіпті. Орналастыру бағасы бойынша акцияны сатып алуға өтініш беру мүмкіндерін инвестор өз брокерінен анықтауға тиіс. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акциялары қор нарығында – "KMG@KT" белгісімен саудаланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу