Саңырауқұлақ теруге кеткен әйел көз жұмды: өлімнің алдын ала себебі аталды

634

Күзде жоғалған адамдар туралы хабарламалар саны күрт артады. 

Саңырауқұлақ теруге кеткен әйел көз жұмды: өлімнің алдын ала себебі аталды Фото: masheka.by

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті саңырауқұлақ жинау кезінде адасып, кейін денесі табылған әйелдің өлімінің алдын ала себебін атады, деп жазады inbusiness.kz

"20 қыркүйектен бастап Қарқаралы ауданында "Берлога" демалыс аймағы ауданында саңырауқұлақтарды жинау кезінде адасқан 1951 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары жүргізілді. Жоғалған әйелді іздестіруге ТЖД, ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, полиция департаментінің күштері мен халық жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына таулы аймақ, жоғалған  адамның маршрутының болмауы кедергі келтірді", - делінген хабарламада.

24 қыркүйекте іздеу тобы жоғалған әйелдің денесін тапты.

"Болжам бойынша, ол еңістен құлап, жарақат алған", - деп хабарлады облыстық ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу