Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында саңырауқұлақ теруге шығып, таулы аймақта адасып кеткен ерлі-зайыпты аман-есен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар күндіз Комиссаровка шатқалынан Үш тас тауына қарай барған. Кейін олармен байланыс үзілген. Жоғалғандар туралы құтқарушыларға немерелері хабарлаған.
ТЖМ іздеу тобы ерлі-зайыптыларды Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым жердегі Қаратока кордоны маңынан тапты.
Оларға медициналық көмек қажет болмаған. Құтқарушылар ерлі-зайыптыларды қауіпсіз жерге жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу