Елорданың бұрынғы атауын қайтару керек пе?: Бізде тұрақтылық болуы керек – Бердібек Сапарбаев

3659

Қаңтар оқиғасынан кейін зейнеткерлер қатарына қосылған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев "Тұңғыш президент күні" мерекесін жоюға қатысты пікір білдірді.  

Елорданың бұрынғы атауын қайтару керек пе?: Бізде тұрақтылық болуы керек – Бердібек Сапарбаев

Ол ойын "Сұрауы бар" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. Журналист Ербол Сейілхан:

"Астананың атауын ауыстыруға келісім берген депутаттардың, Назарбаевты мақтаған халық қалаулыларының қазіргі әрекеті екіжүзділік емес пе?", – деп сұрақты төтесінен қойды.

Сұраққа сәл кідіріп жауап берген саясаткер: "Оған әрбір депутаттың ары, намысы, адами қасиеті жауап береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын тиісті заңды өздері қабылдаған", – деп қысқа қайырды. Бұл жауапқа қанағаттанбаған жүргізуші: "Елорданың бұрынғы атауын қайтару керек пе?", – деп нақтылады.

Бұған тәжірибелі саясаткер: "Менің ойымша бізде тұрақтылық болуы керек. Бүгін былай, ертең былай деген болмайды. Онда бізге басқа ұлттар, басқа мемлекеттер қалай сенеді?", – деп жауап қайтарды.

Сақа саясаткерге қойылған өзге де "ыңғайсыз" сұрақтардың жауабын төмендегі сілтемеден көріңіздер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу