Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"БАҚ-тан келіп түскен көптеген сұрауларға байланысты келесіні хабарлаймын. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп жазды Айдос Үкібай X желісінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу