Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың әрі ресми жаңалық жария болды

Мұндай тосын деректі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.  

Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың әрі ресми жаңалық жария болды Фото: РБК

Ол соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты ресми түсінік беріп өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, Сара Алпысқызы бірнеше айдан бері ем алып жатыр. 

– Сара Алпысқызы Назарбаева сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальде ем қабылдап келеді. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сай және отандық мамандардың бақылауында жүзеге асырылып жатыр, – деді Айдос Үкібай.

Ол көпшілікті Сара Назарбаеваға байланысты тексерілмеген ақпаратты таратпауға, негізсіз пайым жасамауға шақырды. 

"Мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуларыңызды сұраймын" деп қоса кетті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу