Сарапшы: базалық мөлшерлемені төмендетсе, доллар қымбаттайды

624

Сондықтан өзгеріссіз қалғаны орынды дейді сарапшы.

Сарапшы: базалық мөлшерлемені төмендетсе, доллар қымбаттайды Фото: inbusiness.kz

Базалық мөлшерлемені төмендететін болсақ, доллар қымбаттайды. Сондай-ақ халыққа және бизнеске арзан несие беру үшін ставканы түсіру де - мәселені шешпейді. Сондықтан өзгеріссіз қалғаны орынды, дейді сарапшы Бауыржан Мұқанов.

Десе де Ұлттық банк екінші жартыжылдықта ставка төмендеуі мүмкін екендігін алға тартты. Бұлай деуіне Үкіметтің ұсынған статистикасы негіз болып отыр. Себебі кабмин жыл аяғына дейін өндірісті көбейтіп, несие беріп және халықтың жалақысын арттырмақшы. Соның негізінде инфлацияны жыл аяғында 9-12 пайыз деңгейінде ұстап тұрмақ. Бірақ, бұл қиындау әрі Үкіметтің осы кезге дейінгі бірде бір болжамы орындалған емес дейді сарапшы.

"Өткенде бензин қымбаттады. Тиісінше бүкіл тауарлар қымбаттайды. Екіншіден коммуналдық төлемдер қымбаттайды. Қазірден бастап бірте бірте қымбаттап жатыр. Әлі де қымбаттайды.  Қымбатшылықтың көкесі енді келе жатыр деген сөз ғой. Қазіргі уақыттағы алдамшы инфлация бәсеңдеді ғой. Бұл алдамшы, қымбатшылық енді келген кезде біз базалық мөлшерлемені түсіріп қойып, ол уақытта өкініп қалатын едік. Сондықтан қазір сақтағаны орынды", - деді нарық сарапшысы Бауыржан Мұқанов.

Тағы бір сарапшы базалық ставка инфлация мөлшерінен 2-3 пайыз жоғары болуы кеерк деп есептейді. Қазір екеуі тең. Демек базалық мөлшерлеме нөлге тең. Демек депозиттік кіріс болмайды дейді.

"Ұлттық банк базалық ставканы енді өсірмейтінін анық айтты. Сондай-ақ, түсіруге де негіз жоқ. Өйткені жыл аяғына қарай өзгеріс болады. Менің ойымша инфлация 12 пайыз деңгейінде де сақталмайды. 14-15 пайыз болатынына толықтай сенімдімін", дейді экономист Арман Бейсембаев.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу