Сарапшы: Біздің елімізде Ресей тауарлары күрт арзандап кетеді

798

Сарапшы: Біздің елімізде Ресей тауарлары күрт арзандап кетеді

Қазақстан теңгесінің алдағы тағдырына Ресейге салынған санкциялар әсер ете ме, жоқ па? Экономистер мен Ұлттық банк бірнеше күннен бері өз болжамын жарыса айтып жатыр, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген экономика министрі Тимур Сүлейменов те жағдайға дұрыс баға беру үшін бірнеше күн күту керек дейді. 

"Санкциялар жарияланғаннан кейін Ресейдің валюта нарығына әрине өзгеріп шыға келді. Яғни, рубльдің долларға шаққандағы бағамына коррекция жасалғанын біз де байқадық. Бұл жағдайдың біздің экономикаға әсеріне нақты баға беру үшін жағдай бірнеше күн қалай өзгеретінін күте тұру керек. Егер рубль осылай құлдырай берсе және бұл тұрақты сипат алса, онда айтарлықтай бір ықпалды біз де байқаймыз, ал, Ұлттық банкпен бірге белгілі бір жұмыстарды жүргізуге тура келеді", — дейді Тимур Сүлейменов.

Ал, Қазақстандағы экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековтің айтуынша, рубль құлдырап, теңге бір орында қалса, экономикамыздың бәсекесі бәсеңдеп кетеді. 

"Қазақстанның сыртқы сауда нарығындағы Ресейдің үлесі 20-25 пайыз, сондықтан рубль бағамы теңге бағамына әсер етпей қоймайды. Егер рубль бағамы құлдырап, ал теңге орнында қалып отырса, біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Егер Ұлттық банк валюта бағамын ұстап тұрса, онда біздің елімізде Ресей тауарлары күрт арзандап кетеді. 2015 жылы сондай жағдай болғаны естеріңізде шығар", — дейді Қайырбек Арыстанбеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу