Сарапшылар баспананың қымбаттауына әсер етіп отырған факторларды атады

1266

Соңғы үш жылда ұлттық валюта 30 пайызға арзандады. 

Сарапшылар баспананың қымбаттауына әсер етіп отырған факторларды атады

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттайды. Бұған әсер етіп отырған бірнеше фактор бар. Ең алдымен жан-жақты мемлекеттік қолдаудың арқасында ипотека рәсімдеу өткен жылы 11 пайызға артты. Осылайша экономикалық дағдарысқа қарамастан 300 мыңдай үйді сатып алу келісімі жасалды.

Сондай-ақ, пәтер құнының көтерілуіне теңгенің әлсіреуі де әсер етіп отыр. Соңғы үш жылда ұлттық валюта 30 пайызға арзандады. Енді зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын шешіп алу процесі де баспана құнын шарықтатпақ.

Сарапшылардың сөзінше, қазірдің өзінде бірінші нарықтағы пәтер бағасы 5 пайызға, екінші нарықтағысы 14 пайызға көтерілді. Толығырақ Atameken Business-те:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу