Сарапшылар: Қазақстанда жүргізуші мамандығына сұраныс жоғары

416

Орта есеппен көлік жүргізушілері 175 000 теңге жалақы алады.

Сарапшылар: Қазақстанда жүргізуші мамандығына сұраныс жоғары

OLX.kz сервисінің сарапшылары 2022 жылдың 9 айындағы еңбек нарығындағы ахуалды бағалады. Нарықтағы ең жоғары ақы төленетін мамандықтар қатарында тіс дәрігері мен жүк көлігінің жүргізушісі еніп отыр. Орташа жалақы мөлшері 930 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығын құрайды.

"Жүргізуші" мамандығы жұмыс берушілер арасында да, жұмыс іздеушілер арасында зор сұранысқа ие болды. Оның Қазақстандағы орташа жалақысы 175 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ алғашқы үштікте жүк тиеуші де бар.

Сарапшылар жұмыс берушілердің басым көпшілігі үшін жұмыс тәжірибесі маңызды емес екенін айтады. Жұмыс берушілердің 77%-ы толық жұмыс күнін, 57%-ы жарты жұмыс күнін іздейді екен.

Тағы бір қызығы, жұмыс берушілердің 1%-дан азы қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін көрсеткен. Былтыр бұл көрсеткіш 3%-ды құрады. Ал жұмыс іздеушілердің 12%-ы қашықтықтан жұмыс іздегісі келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу