Сарапшылар мұнай бағасына қатысты болжам жасады

825

Сарапшылар мұнай бағасына қатысты болжам жасады

Тамыздың екінші жартысында мұнай бағасы қалай өзгереді? Альпари сарапшылары тамыз айының екінші жартысында мұнай бағасының динамикасына қандай жағдайлар әсер ететінін атады. Олардың пайымынша, қара алтын құнына әсер етуші негізгі фактордың бірі - қазіргі уақытта Қытайда мұнайға деген сұраныс соншама ауқымды болмай отырғаны.

Reuters агенттігіне сүйенсек, Қытайдың екі бірдей Sinopec пен Petrochina компаниялары өздерінің мұнай өңдеуші зауыттарының қуаттылығы 10 процентке төмендегенін ресми түрде хабарлаған. "Қара алтынның" бағасына ОПЕК мониторингі бойынша комитет отырысының болу-болмауы да әсер етеді. Тамыз айының басында мұндай отырыс

Санкт-Петербург қаласында ұйымдастырылып, жаңа отырыс қыркүйек айына Венада өтетіні шешілген. Тағы бір фактор ол - геосаяси ахуал. Аты шығып қалған "Трамп факторы" Американы тағы да державаға айналдырғысы келгенімен, мұнай нарығында дегенін істете алмай отыр. Мұнай өндіретін елдерге қарата айтылған асығыс мәлімдемелер мен антиресейлік санкциялар мұнай бағасын өсіріп жіберуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу