Сарапшылар тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын бес саланы атады

909

Ranking.kz зерттеушілері жүргізген зерттеуге сәйкес бұл бес салаға медицина, темір жол, автокөлік қызметі (такси), білім мен байланыс кіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сарапшылар тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын бес саланы атады

Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы Тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің зерттеу қорытындысына сәйкес, сауда және қызметтің 20 түрін бағалаған респонденттердің 67 пайызының ғана қызмет сапасына көңілі толады.

Зерттеушілер сонымен қатар тұтынушылар құқығы жиі бұзылатын бес саланы анықтапты. Бұл тұрғыда көш соңындағы сала – медициналық қызмет. Оған сұралғандардың ішінде 45,9% ғана қызметке қанағаттанатынын айтқан. Халықтың көңілі толмайтын салаларға сонымен қатар темір жол көлігі (респонденттердің 43,2% көңілі толмайды), қалааралық және халықаралық автокөлік (респонденттердің 42% көңілі толмайды), білім орталықтарының қызметі (41,6%) мен байланыс қызметі (35,9%) жатқызылған.

Бұл салалардағы ахуалдың осындай болғанына қарамастан, олардың қызмет құны жыл санап артып келеді. 2021 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша, инфляцияны есептегенде ақылы қызметтердің құны жылдық динамикада 5,6% өскен. Нақтырақ айтқанда, денсаулық сақтау саласында қзымет құны бір жылда 6%, көлік саласында 7,9%, байланыста 2,4%, білім саласында 4,1% өскен.

Медицина саласында амбулаториялық қызметтердің бағасы бір жылда 5,7% қымбаттаған. Атап айтқанда дәрігерлердің алғашқы қабылдауының құны 7,1%,, стоматологиялық қызметтер 5,5% өскен. Теміржол көлігі саласындағы қызметтердің бағасы 5,4%, автокөлік қызметтері 2% қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу