Сарапшылар үйлі болғысы келгендерге үнемшіл болуға кеңес береді

1780

Сарапшылар үйлі болғысы келгендерге үнемшіл болуға кеңес береді

Сарапшылардың есептеуінше, 1 бөлмелі баспанаға қажетті бастапқы жарнаны 10 жыл бойы жинау керек екен. Яғни отбасының табысы 200 мыңнан кем болмаған жағдайда, оның 20 мыңын ай сайын үзбей салып отырса ғана пәтерге қол жеткізе алады, деп хабарлайды КТК.
Зерттеу қорытындысына қарағанда, 1 ғана жалақымен баспаналы болу бізде тым қиын екен. Бұл мүмкін болғанның өзінде, қоныс тойын жылдар бойы күтуге тура келеді. Мысалы, отбасының табысы 200 мың болса, болашақ баспана үшін ай сайын оның 10 пайызын ғана жинай аламыз. Ал, қалғаны күнделікті шығыннан артылмайды екен. Осылайша, тек арада 10 жыл өткен соң 1 бөлмелі пәтерге қажетті бастапқы жарна жиналады. Бұл инфляция деңгейін қоспағандағы есеп. Ал, осындай табыспен пәтерді қолма-қол сатып алу үшін кемі 20 жылдай уақыт қажет. Айына 100 мың теңгеден жинау үшін, кіріс көлемі 350 мың болуы тиіс. Бұл қарқынмен бастапқы жарнаны 3 жылда жинауға болады. Ал, баспанаға ипотекасыз 7-8 жылда қол жеткізе аласыз.
Пәтерді 5 жылдың ішінде қолма-қол алғысы келетіндер болса, айына 200 мыңнан депозитке салып отыру керек. Ал, 150 мың теңге көлеміндегі отбасылық табыспен үйлі болу мүмкін емес. Сарапшылар осылай ашығын айтты.
"Егер отбасы пәтер жалдап тұратын болса,150 мың теңге көлеміндегі табыспен мүлдем ақша жинай алмайды. Ақша күнделікті шығыннан артылмайды. Яғни, мұндай табыспен бастапқы жарнаның өзін жинау мүмкін емес жағдай", - дейді krisha.kz порталының шолушысы Алина Буравцева..
Жалпы тезірек баспана кілтін алу үшін, азаматтардың көп нәрсеге шектеу қойғаны абзал.
"Егер адам пәтерлі болуды мақсат еткен болса, оған тезірек қол жеткізгісі келсе, кей жерлерде өзіне шектеу қоюы қажет. Мәселен, бір клиентіміз бастапқы жарнаны қысқа мерзімде жинау үшін түрлі тағамдардан бас тартқан, отбасы қыдыруды тоқтатқан. Үнемдеу арқылы, 3-4 жылда қомақты қаржы жинауға болады", - дейді "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ филиалы директорының орынбасары Диас Рақымжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу