Сарапшылық кеңеске Жастар кадрлық резервінен өкіл қосылады – Руслан Дәленов

647

Кеңестің міндеті – мемлекеттік саясаттың жетекшілік ететін басым салаларында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу.

Сарапшылық кеңеске Жастар кадрлық резервінен өкіл қосылады – Руслан Дәленов

Президенттік Жастар кадрлық резерві резервшілерінің жобалары ҚР ҰЭМ сарапшылық ынтымақтастық кеңесінде қаралады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттік кадр резервінің финалистерімен кездесті. Кездесу барысында экономикалық ведомство басшысы мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары және Ел Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі басым міндеттері туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде министр кадрлық резервтің мақсаты – жастар үшін айқын әлеуметтік лифт құру екеніне назар аударды.

"Жаңа мамандар - бұл жаңа идеялар", - деді Руслан Дәленов Президенттік Жастар кадрлық резерві туралы.

Кездесу барысында резервшілер өз жобаларының мазмұнымен бөлісіп, бюджет саясатын жетілдіру, макроэкономикалық талдау және болжамдау, мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлық әлеуетін жақсарту, Мемлекет Басшысы Жолдауының басымдықтарын іске асыру және т. б. туралы өз ойларын айтты.

Өз кезегінде, экономикалық ведомство басшысы министрлік құрылымын жақсарту, сондай-ақ халық үнін еститін мемлекет идеясын ілгерілету бойынша жұмыс істейтін сараптамалық кеңес құрылғанын хабарлады.

"Біз министрлікте басқарушы кеңес құрдық. Оған министрліктің үш өкілі және сарапшылар қауымдастығының үш өкілі кірді. Оның мәні – директорлар, министрліктің жауапты тұлғалары жүргізіліп жатқан реформа туралы кеңес алдында есеп беріп, кері байланыс алуы. Бізде сарапшылық кеңеске Кадрлық резервтегі өкілді қосу туралы идея пайда болды", - деді Руслан Дәленов.

Кеңестің міндеті мемлекеттік саясаттың жетекшілік ететін басым салаларында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Министрліктің қызметін бағалау және жетілдіру бойынша ұсынымдық шешімдер әзірлеу болып табылады.

"Үнемі кездесуге дайынмын. Тиімді ұлттық экономиканы қалыптастыру бойынша ұсынылған жаңалықтарды талқылайтын боламыз", - деді Дәленов кездесуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу