Десе де, сарбаз Алмас Шахимовтың өліміне кінәлі деп саналған взвод командирі жазадан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық ұланда әскери борышын өтеген сарбаз Алмас Шахимовтың қайтыс болуына байланысты істе айыпталған взвод командирі Дәурен Байызбековке сот үкімі шығып отыр.
Сот оны кінәлі деп таныса да, қылмыстық істің болғанына 2 жыл өткендіктен, Дәурен Байызбековты жазадан босату туралы шешім қабылдаған.
Айта кетейік, Алмас Шахимов 2022 жылы Ұлттық ұланға шақырылып, 2 ай өтер-өтпестен қаза тапты. Сол кезде "Қаралы оқиғаға құмды дауыл уақытында құлаған шатыр себеп болды" деген ақпараттар тараған-ды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу