"Сәресіде кешігіп ауыз бекіту қауіпті..."

532

Дінтанушы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly телеарнасындағы "Ораза қабыл болсын" бағдарламасында көрермендердің оразаға қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сәресіде кешігіп ауыз бекіту қауіпті..." Фото: Бейнежазбадан

Тікелей эфирге хабарласқан көрермен "Ораза кезінде ауыз бекітер кезде кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деп. Осылай кешігіп бекітемін, бола ма?" деді.

"Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіз ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз", – деді имам.

Айта кетсек, бекітілген кестеге сай, 2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталып, 10 сәуірде аяқталады. 10 сәуір Ораза айттың бірінші күні. Ал Қадір түні 5-нен 6 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу