Сарыағаш ауданында биыл 9 мың тоннаға жуық жүзім жиналды

972

Сарыағаш ауданында биыл 9 мың тоннаға жуық жүзім жиналды

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында биыл 8781 тонна жүзім жиналды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шаруалар орташа есеппен жүзімнің әрбір гектарынан 48,9 центнерден өнім алған. Ал биыл тамшылатып суару тәсілі енгізілгеннен кейін 450,7 гектар жүзімнің  283 гектары 1698 тонна  өнім берген.  Яғни, бағбандар жүзімнің әр гектарынан  70  центнерге дейін өнім жинаған.

"Жүзімнің өнім беру мерзімі  төртінші жылдан басталатынын ескерсек, аталған өнімділік жақсы көрсеткіш болып саналады" дейді сарыағаштық диқандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу