Жеңіс паркінің қақ төрінде тұрған жаңа жылдық шыршаны біреу көлікпен соғып, қиратқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Видеода жеңіл көлік шыршаны айналып жүргені анық байқалады. Жүргізуші қос жолақты елемей, жол ережесін өрескел бұзған. Әзірге, келтірілген материалдық шығынның көлемі белгісіз.
"Аталған дерек бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады", – деп хабарлады Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта шырша қайта құрылып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу