Сарыағаштық шаруалар егін егуге кірісті

893

Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілген. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілген.

Сарыағаштық шаруалар егін егуге кірісті

Түркістан облысының  Сарыағаш ауданында екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр.  Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар  егілетін болады",– деп жазылған облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу