"Сарыарқа" газ құбырының 75 пайызы тартылды

2047

Бүгінде Қызылорда облысында дәнекерлеу-пісіру жұмыстары толықтай аяқталып, Қарағанды және Ақмола облыстарында қарқынды жүріп жатыр.

"Сарыарқа" газ құбырының 75 пайызы тартылды

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының жауапкершілігі аясындағы "Сарыарқа" газ құбырының 796,6 шақырымы тартылды. Бұл айтулы жобаның желілік бөлігі құрылысының 75%-н құрайды, деп хабарлайды компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті.

Болашақта жеке-меншік және шағын коммуналдық қазандықтарды, жер үйлер мен тұрғын үйлерді, жылу-электр орталықтарын біртіндеп газға ауыстыру жоспарлануда.

"ҚазМұнайГаз" жауапкершілігі шеңберіндегі құбырдың желілік бөлігін салу жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін жергілікті әкімдіктер елдімекендерді, соның ішінде елорданы газбен қамтамасыз ету жұмыстарына кіріспек.

Бүгінде Қызылорда облысында дәнекерлеу-пісіру жұмыстары толықтай аяқталып, Қарағанды және Ақмола облыстарында қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі кезде дәнекерлеу-пісіру кешендері Қарағанды облысында газ құбыры жолының 794-ші шақырымында ("Қарағанды" автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 14 шақырым) және 844 шақырымында ("Қарағанды" бұру жүйесін орнату жерінен кейін 36 шақырым), Ақмола облысында газ құбыры жолының 970-ші шақырымында (Қарағанды және Ақмола облыстарының шекарасынан солтүстікке қарай 27 шақырым) және 1056-шы шақырымында ("Астана-1" автоматты газ тарату станциясына бұру жүйесін орнату жеріне дейін 5 шақырым) жұмыс істеуде.

Магистральді газ құбырының құрылыс жұмыстарына 2 мыңнан астам адам және 800 бірлік техника жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу