"Сарыарқа" газ құбырының екінші және үшінші кезеңін салу пысықталуда

541

Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне 2021 жылғы 1 сәуірге дейін елімізді газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды.

"Сарыарқа" газ құбырының екінші және үшінші кезеңін салу пысықталуда

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өткен жылы бірінші кезеңі аяқталған "Сарыарқа" газ құбырын тарту жұмыстарына тоқталды. 

"Өткен жылы "Сарыарқа" газ құбырының магистральді желісінің бірінші кезеңі аяқталды. Енді Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін газ құбырының  екінші және үшінші кезеңдерін салу пысықталуда. Қазіргі кезде "Сарыарқа" газ құбырының бірінші кезеңініңі газ трассасы бойында Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарының бойында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде", – деді министр. 

Бұл ретте Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды. Бұған қоса солтүстік өңірлерді газдандыру мақсатында Премьер-министр 2021 жылғы 1 наурызға дейін "Сарыарқа" газ құбыры жобасының 2 және 3 кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптамаларды алу керектігін ескертті. Сондай-ақ Сенат отырысында 2021 жылғы 1 сәуірге дейін Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындау қажеттілігі атап өтілді. 

"Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының әкімдіктеріне газбен жабдықтау объектілеріндегі ақауларды жою және оларды кейіннен пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне беру үшін жергілікті бюджеттерден қажетті қаражатты қарастыруды тапсырамын", – деді Асқар Мамин

Бұдан кейін Нұрлан Ноғаев  елорда халқын газбен амту тақырыбын көтерді. Оның сөзінше Нұр-Сұлтанды газдандыру жұмыстары 3 кезекке бөлінген. Қазіргі уақытта шаһарда 9 іске қосу кешені бар. 

"Әкімдік бірінші кезектің құрылысын жүргізуде. Ал екінші және үшінші кезегі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Қарағанды облысында автоматтардырылған газ тарату стансаларын салу, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау қалаларына желілер салу қарастырылған.  Барлық үш қаладағы желілердің бірінші кезектерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу