Сәтбаев қаласында 3 жасар бала терезеден құлап кетті

426

Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.  

Сәтбаев қаласында 3 жасар бала терезеден құлап кетті Фото: istockphoto.com

Соңғы екі аптада Ұлытау облысында осындай үш жағдай тіркелген. Қалған екі оқиғада балалар тек жарақат алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сәтбаев қаласы аумағында жазғы маусым басталғалы бері екі жағдай тіркелді. Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды, ал екіншісі медициналық мекемеде ем алып жатыр", – деді Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар қызметінің аға инженері Анель Қадырғали.

Мамандардың айтуынша, мұндай қайғылы жағдайлар көбіне балалар ересектердің қарауынсыз қалған кезде болады. Қазақстандықтарға москит торларының ерекше қауіп төндіретіні тағы да ескертілді.

Дәрігерлердің сөзінше, биіктіктен құлаған балалар көбіне ауыр бас-ми жарақатын алып, ішкі ағзалары зақымданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу