Сәтбаев қаласында екі қабатты тұрғынүй өртенді

696

Сәтбаев қаласында екі қабатты тұрғынүй өртенді

Қарағандының Сәтбаев қаласында сейсенбіге қараған түні 8 пәтерлі тұрғынүй өртеніп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық ТЖ баспасөз қызметінен.

"Өрт сөндіру бөлімшесінен келіп жеткен кезде екінші қабат пен үйдің шатыры өртеніп жатты", - делінген ТЖ ақпаратында.

Құтқарушылар екінші қабаттан бір адамды алып шықты. Газға уланып, денесін күйік шалған ол бірден ауруханаға жіберілді. Дәл осы пәтерден қайтыс болған ер адамның денесі табылды.
Өрт төрт сағатта толық сөндірілді. Жалын 180 шаршы метрді шарпыған.

Айта кетсек, өртенген үйде 19 адам тұрады, оның 8 - бала. Қазір 3 тұрғын жатақханаға орналастырылған. Өзгелері уақытша туыстарын паналауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу