Сәтбаев қаласында құтқарушылар өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады

282

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жедел жетті.

Сәтбаев қаласында құтқарушылар өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады Фото: Видеодан скриншот

Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды үйден эвакуациялауға кірісті.

Өртті сөндіру барысында көршілес пәтерлерден 14 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды.

Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шықты. Жануардың тыныс алуы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді.

Өртті сөндіруге "Серіктес" ЖШС қызметкерлері де қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу