Сәтбаев қаласында жылыту маусымы қалыпты режимде жүріп жатыр

505

Сәтбаев қаласында жылу беру маусымы қалыпты режимде жүріп жатыр.

Сәтбаев қаласында жылыту маусымы қалыпты режимде жүріп жатыр

"Қазақмыс" компаниялар тобына қарасты жергілікті жылу электр орталығы алаңдайтын ештеңе жоқ деп сендіреді. Екібастұздағы соңғы жағдайдан кейін Қазақстандағы көптеген жылу станцияларының қызметі жіті назарға алынса, сәтбаевтықтар күн суытқанға дейін-ақ барлық мәселені шешті. Сонымен қатар, олар Екібастұз апатының салдарын жоюға атсалысты. 

Жылу электр орталығы кеншілер қаласындағы тұрғындардың үйлерін жылумен толық қамтамасыз етіп отыр. Қазан айының басында жылу маусымы басталды. Ал  келесі жылғы жөндеу жүргізілетін аумақта жұмыс басталып та кетті. Жабдықтарды тексеріп, жөндеуге қажетті заттарды әзірлеуге кірісті. Кәсіпорынның өзінде 12 қазандық, 5 бу қазандығы және 7 су жылыту қазандығы бар. Барлығы үздіксіз істеп тұр. Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында келесі жылы шағын жылу-энергетикалық орталық ашылады.

"Температура кестесіне сәйкес, бізде 77-ден 60 градусқа дейін болуы керек. 3 градустан асып кетіп жатыр, бірақ ережелерге сәйкес, 5 пайыздан температура графигінен жоғары немесе төмен жүруге рұқсат етіледі. 02:15 Қазандықтардың біреуі істен шыққан жағдайда біз ауыстыратын резервтік қазандықтар бар. 20 градусқа дейін біз нөмірі бірінщі жылу электр орталығында екі қазандықта жұмыс істейміз және резервте тағы екеуі тұр. Қазандықтардың бірі істен шықса, резервтік қазандыққа ауысамыз және тағы біреуі резервте қалады", дейді "Kazakhmys Distribution" ЖШС жылу энергетикалық кәсіпорнының директоры Әшім Исанов.

Ал, екінші жылу орталығында 2 қазандық қызу жұмыс істейді. Мұнда екі айға жететін 110 мың тонна көмір және 1649 тонна мазут қоры бар. 

Сондай-ақ кәсіпорын 4 жыл сайын қазандық қондырғыларына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бүкіл Сәтбаев қаласы мен "Қазақмыстың" өндірістік нысандарын жылумен қамтамасыз етіп отырған энергетиктер жақында Екібастұзға көмек қолын созды. Оқиға орнына 16 жұмысшы шығып, оның салдарын жою ісімен айналысты. Мамандар бұл оңай болмағанын айтты. 

"Бір үйде алты бала қалды. Біз де оларға жылулық сыйладық. Қаладағы Астана көшесінің бойында, темір жолға жақын маңда жер үйлер де бар, жеке сектор толығымен. Мен өзім есептедім, диаметрі 159, жылу магистралінің ұзындығы 1400 метр жерге жылу бердік. Барлығына жылулық сыйлауға тырыстық", дейді "Kazakhmys Distribution" ЖШС Жылу энергетикалық кәсіпорындарының жылу және сумен жабдықтау бөлімінің басшысы Бақытжан Баржақсынов.

Сәтбаевтағы энергетиктерінің еңбегі ақталды, екібастұздықтар атқарылған жұмыстың жоғары сапасын атап өтті. Тұрғындардың алғысы энергетик мамандығының кәсіби мерекесі қарасыңында ерекше маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу