Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды – әкімдік

1136

Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек шықты.

Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды – әкімдік

Қазір Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақтанды. Қазір Жеңіс Қасымбек сол жақта жүр, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салып өтсек, кеше қалада 5 жасар қыз жоғалып, көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылған болатын. Ашынған баланың туыстары күдіктіні өз қолдарымен жазаламақ болып, полициядан оны беруді талап етті. Жаппай тәртіпсіздік орын алмас үшін тәртіп сақшылары алдын-алу шараларын қарастырды.

"Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақтанды, адамдар оқиға орнынан тарқасты. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаевқа жол тартты. Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізу үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді. Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз",– дейді әкімдіктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу