Сәтбаев қаласының әкімі жолды жабу туралы заңсыз өкім шығарған

628

Прокуратура наразылығы негізінде Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы әкімінің заңсыз өкімі жойылды.  

Сәтбаев қаласының әкімі жолды жабу туралы заңсыз өкім шығарған Фото: gov.kz

Заңсыз қабылданған нормативтік акт Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолына жататын көшеде көлік қозғалысын негізсіз шектеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының прокуратурасының наразылығы бойынша қала әкімінің заңсыз өкімі күшін жойды.

Атап айтқанда, қала әкімінің өкімімен Сәтбаев қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Тексеру барысында аталған учаске "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның сенімгерлік басқаруында екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның мұндай шектеу енгізуге өкілеттігі болмағаны анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу