Сәтбаевта бір отбасыны 5 жыл бойы қорқытқан күдікті ұсталды

93

22 жастағы азамат түрлі жалған аккаунттар мен цифрлық технологияларды пайдаланып, жәбірленушіні ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде бопсалаған.    

Сәтбаевта бір отбасыны 5 жыл бойы қорқытқан күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Сәтбаевта киберқылмысқа қарсы күрес жүргізген тәртіп сақшылары бірнеше жыл бойы бір отбасыны қорқытып келген күдіктіні қолға түсірді.

Тергеу мәліметінше, барлығы қыздың танысу ұсынысын қабылдамағанынан басталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осыдан соң күдікті оның туыстары мен жақындарына жалған "интимдік" сипаттағы дипфейк материалдар таратып, қорқыту хабарламаларын жіберген.

2023 жылы қолдан жасалған жала жабатын материалдар қыздың болашақ күйеу жігітіне жолданып, нәтижесінде екі жастың құдалығы бұзылған. Үйлену той өткен жоқ. 

Жәбірленуші әлеуметтік желілерден кеткеннен кейін де қудалау тоқтамаған. Күдікті оның туысына ауысып, бүкіл отбасының, соның ішінде балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерін жалғастырған.

Күдікті тұрғылықты мекенжайында ұсталып, электронды құрылғылары тәркіленді.

Қазір ол қамауда, ал полиция оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін тексеріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу