Сәтбаевтағы баланың анасымен байланыстамыз – Аружан Саин

598

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтен осы жанұяны ювеналды заңгер және психологпен мен қамтамасыз етуін сұраған.

Сәтбаевтағы баланың анасымен байланыстамыз – Аружан Саин

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин өзінің Facebook-тегі парақшасында осындай жазба қалдырды. Айтуынша, ол "зорланды" деген сәбидің анасымен телефон арқылы сөйлескен. 

"Осы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама жүргізілді. Алдағы уақытта заң тұрғысында және психологиялық жағынан қандай шара қолданатымыз жайында сөйлестік. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мен бұл жағдайды толықтай өз бақылауыма аламын", – деді Саин.

Ол Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да осы жағдай бойынша ақпарат алғанын жеткізді. Сонымен қатар Саин Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтен осы жанұяны ювеналды заңгермен қамтамасыз етуін сұраған. 

"Сондай-ақ мен Нүкеновтен осы жағдайға білікті психологты жұмылдыруын сұрадым. Өйткені балаларға қатысты қылмыс бойынша психологтардың болуы міндетті. Біз балаларға зорлық көрсеткен әрбір жанның толықтай жазасын өтеуіне қол жеткіземіз", – деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу