Сәтқалиев Ноғаевтан МАЭК-ты алу туралы мәселеге жауап берді

395

Кәсіпорынды ұстап тұруға жылына 3 млрд теңге қаражат кетеді.

Сәтқалиев Ноғаевтан МАЭК-ты алу туралы мәселеге жауап берді

Маңғыстау атом энергетика комбинатын "Самұрық Қазына" немесе "Қазмұнайгаздың" басқаруына бергеннен мәселе шешілмейді. Одан да Ноғаевтың қарамағында қала бергені дұрыс. Биыл екі рет апат болып, қаншама жан жарықсыз қалып, бюджет миллиардтаған доллардан қағылса да, Энергетика министрі Сәтқалиев, облыс әкімдігі станцияда білікті мамандарды жинай білген дейді. Сондықтан қаржыландырудан басқа ешқандай мәселе туындап тұрған жоқ деп есептейді.

МАЭК – негізі шығыны көп кәсіпорын. Оны ұстап тұруға жылына 3 млрд теңге қаражат кетеді. Бұған қоса сала бақылауда емес. Тарифі реттелмеген. Осы және өзге де мәселені тізбектеген сарапшылар станцияны Қазмұнайгазға берген жөн деген ұсыныс айтты.

"МАЭК-ты кім басқаратыны маңызды емес. Мұнда станцияны қалыпқа келтіретін бағдарламаны қаржыландыру керек. Басты мәселе осы. Себебі кәсіпорынның әбден тозығы жеткен. Қазір авариялық режимде жұмыс істеп тұр. Ремонт жүріп жатыр. Станция қысқы маусымға дайын болады. Бұған қоса маңғыстауда жаңа электр станциясын салған жөн деп шештік. Осы бойынша инвесторлармен келіссөз жүргізілуде", - деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу