Сатушылар темекі өнімдерін кодпен сканерлеуге тиіс

1079

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері сатушылар темекі өнімдерін Data Matrix коды арқылы қалай сканерлеу керектігін айтып берді.

Сатушылар темекі өнімдерін кодпен сканерлеуге тиіс

Темекі өнімдерін сату үшін барлық өткізушілер ең алдымен электронды-цифрлық қолтаңба арқылы жүйеде тіркелуі қажет. Бұл жүйені Тауарларды таңбалау бойынша бірыңғай оператор болып айқындалған "Қазақтелеком" АҚ әзірлеген.

"Сатушылар кассаның бағдарламалық жасақтамасын жаңартуы керек.  Содан кейін DataMatrix кодын оқуға мүмкіндік беретін 2D сканерін сатып алуы керек. DataMatrix коды - тауардың әрбір партиясына қойылатын және өнім пайда болғаннан бастап пайдаланғанға дейін бірге жүретін ілеспе код", – дейді брифингте "Қазақтелеком" АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Ал 2D сканері бар салық төлеушілер аталған құрылғының бағдарламасын өзгертсе де жеткілікті. Бірақ бұл сканер онлайн бақылау-кассалық машинаға қосылған болуы керек.

Қымбат Нұрғали
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу