Сатушылармен бірігіп бағаны негізсіз өсірген деген күдікпен 19 компания тексеріледі

890

Сатушылармен бірігіп бағаны негізсіз өсірген деген күдікпен 19 компания тексеріледі

Шығыс Қазақстан облысында жанармай сатумен айналысатын кәсіпкерлерге қатысты тексеру басталды. Олар өзара келісіп, АИ-92, АИ-93 маркалы бензин және дизельды отынның бағасын негізсіз өсірген деген күдік бар. Осылайша, аймақтық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің назарына 19 компания іліккен. Қазір облыстық монополияға қарсы инспекция осы фактілер бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Департамент мамандарының мәліметінше, жанармайды бөлшек саудамен өткізетіндер бағаны негізсіз екі рет көтерген. Ол 2016 жылдың тамыз айынан желтоқсанға дейін және осы жылдың қаңтар-ақпан айларында байқалған. Монополияға қарсы инспекция мамандары, жанармай сататындар өзара сыбайласып, бағаны келісіп өсірді" деген пікірде. Мұндай келісімнің бар болғанын дәлелдесе, артық пайда таппақ болғандардың барлығы заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Әйгерім Амангелдіқызы, Монополияға қарсы инспекцияның бөлім басшысы:

"Егер, тергеу қорытындысы бойынша, деректер расталса нарық субъектілеріне 58 миллион теңге шамасында әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін. Қазір жұмыстар жалғасуда, тергеу аяқталуға жақын".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу