"Сатылатын электр энергиясының 97%-ы ашық көрсетілмейді"

932

Сенатор Дәурен Әділбеков үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа "Самұрық-Энерго" мен "Кегок" компанияларын Энергетика министрлігінің қарамағына беруді ұсынды. 

"Сатылатын электр энергиясының 97%-ы ашық көрсетілмейді"

"Энергетика саласында өндіруші, энергия жеткізуші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасында тігінен интеграцияланған үлестес құрылымдар құрылды. Бұл осы салада олигополияның бар екенін білдіреді. Қазіргі уақытта электр энергиясының 97%-ы сауда процесі ашық көрсетілмейтін тікелей шарттар бойынша сатылады", – деп атап өтті Дәурен Әділбеков бүгінгі сенат отырысында.

Ол үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа "Самұрық-Энерго" мен "Кегок" компанияларын Энергетика министрлігінің қарамағына беруді және бірыңғай сатып алушы жүйесіне көшуді ұсынды. 

"Мұндай тәсіл электр энергиясын бірыңғай шекті бағалар бойынша сатып алуға және оны тұтынушыларға жария талқылаудан кейін бекітілуге тиіс бірыңғай бағалар бойынша сатуға мүмкіндік береді", – дейді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу