Сауалнама: халықтың 6,5%-ы әл-ауқатының нашарлағанын хабарлады

1153

Өздерін салыстырмалы түрде бай санайтындардың үлесі бір жыл ішінде 5,5% -дан 4,6% -ға дейін төмендеді.

Сауалнама: халықтың 6,5%-ы әл-ауқатының нашарлағанын хабарлады

2021 жылдың наурызында жыл сайын халықтың өмір сүру сапасына жүргізілетін сауалнама нәтижелері бойынша өз өміріне толық қанағаттанған респонденттердің үлесі 61,3%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.  

2020 жылдың наурызда олардың үлесі 63,5% болатын. 

Бұл ретте өз өміріне жартылай ғана қанағаттанатын халықтың үлесі 35,8% -дан 38% -ға дейін өссе, мүлде қанағаттанбайтындардың үлесі 0,6% -дан 0,5% -ға дейін төмендеді.

Өз кезегінде, респонденттердің 54,7%-ы өз тұрмыс тіршілігіне көңілі толғанын жеткізген. Ал бір жыл бұрын олардың үлесі 58,1%-ды құрады.

Тұрмыстық жағдайына жартылай ғана көңілі толатындардың үлесі 40,6% -дан 43,7% -ға дейін өсті. Бірақ өз тұрмыс-тіршілігіне мүлде қанағаттанбайтындардың да үлесі 1,2% -дан 1,3% -ға артты.

Елімізде тұрғылықты жеріне байланысты халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайына көңілі толу деңгейі әр түрлі.  Осылайша, қалалық жерлерде халықтың 56,1% -ы өз өмірін толық қабылдаса, 0,5%-ы өз өміріне қанағаттанбайды екен.
Ауылдық жерлерде өз өміріне көңілі толмайтындардың үлесі жоғары -  70,7%.

Материалдық қамтамасыз ету деңгейіне сәйкес, көпшілік өзін орта тапқа жатқызды: 65,6% (2020 жылы - 63,8%).  Ал ортадан едәуір жоғары санайтындар 17% (2020 жылы - 18,1%) және орташа деңгейден төмен деп есептейтіндер 11,6% (2020 жылы - 11,6%).
 Респонденттердің 0,4% -ы өзін табысы төмен адамдар қатарына жатқызды.
 Өздерін салыстырмалы түрде бай санайтындардың үлесі бір жыл ішінде 5,5% -дан 4,6% -ға дейін төмендеді.

2021 жылы респонденттердің 60,5% -ы олардың әл-ауқаты өзгермегенін атап өтті, сонымен қатар респонденттердің үштен бір бөлігі оның тіпті жақсарғанын айтқан.

Бірақ сауалнамаға қатысқандардың 6,5%-ы әл-ауқатының нашарлағанын бірден атап өткен, бұл 2020 жылмен салыстырғанда (3,3%) жоғары көрсеткіш. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу