Сауалнама нәтижесі кәсіпкерлердің көбі санкциялардан зардап шеккенін көрсетті

618

Биылғы жылдың II тоқсанында жүргізілген сауалнамаға 3 343 кәсіпорын қатысқан, оның ішінде 1 576-сы ірі және орта кәсіпорын болды.

Сауалнама нәтижесі кәсіпкерлердің көбі санкциялардан зардап шеккенін көрсетті

Мониторинг нәтижесі дайын өнім өндіру көлемінің ұлғаюына, дайын өнім бағасының өсуіне, өткізу рентабельділігіне, сондай-ақ активтер мен айналымдағы қаражаттардың айналымына байланысты нақты сектордағы экономикалық белсенділіктің оң динамикасы жалғасып келе жатқанын көрсетті, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметі.

2022 жылдың II тоқсанында дайын өнімге сұраныс біршама баяулады. Диффузиялық индекс (ДИ) 52,7-ден 51,3-ке дейін өзгерді. Көрсеткіштің баяулағаны тауар өндіру (52,0) мен қызмет көрсету (50,8) секторларында, сондай-ақ тау-кен өндіру (53,0) мен өңдеу (52,2) өнеркәсібінде байқалды.

Кәсіпорындарда дайын өнімге баға өсу қарқыны ұлғайды, ДИ 66,0 болды. Сонымен қатар тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде бағаның өсуі баяулаған (ДИ тиісінше 63,8 және 68,1 дейін өзгерді).

Бұрынғыдай, кәсіпорындар Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы бизнесті жүргізуге кедергі екенін айтады. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 38,9%-ы бұны растады. Басқа кедергі: бәсекелестік (28,0%); салық деңгейі (23,3%); сатып алушыларды іздестіру (23,0%); білікті мамандардың жетіспеуі (21,6%); дебиторлық берешекті қайтарудың күрделілігі (12,9%) болды. Қаржыландыруға қолжетімділік маңыздылығы жағынан 8-орында (12,5%) тұр.

2022 жылдың II тоқсанында сауалнама геосаяси жағдайдың және Ресей Федерациясына қарсы енгізілген санкциялардың кәсіпорындардың қызметіне әсері туралы сұрақпен толықтырылды.

Кәсіпорындардың 54,3%-ы геосаяси ахуал мен тиісті санкциялар олардың қызметіне кері әсер еткенін мәлімдеді, бұл ретте кәсіпорындардың 12,0%-ның бизнесі едәуір зардап шеккен. Ал респонденттердің 41,8%-ы геосаяси жағдайдың әсер ете қоймағанын атап өтті.

Нақты сектордағы кәсіпорындардың сауалнамаларын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озық индикатор (KOИ) 100,4-ке дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу