Эр-Рияд Азия үшін 1 доллар 20 центке арзан баға ұсынып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Әдетте Сауд Арабиясы қара алтынның 1 тиынын да арзандатпауға тырысатын. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Санкциялардың құрсауында қалған Ресей бюджеттің жыртығын жамап әлек. Теріскейіміздегі көрші қара алтын өндірісін арттырып, арзан бағада сатуға мәжбүр.
АҚШ таяуда Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына санкция салды. Ал ресейлік мұнайдың негізгі тұтынушысы – жер бетіндегі халықтың 3/1 бөлігі тұратын Қытай мен Үндістан. Осы арада Сауд Арабиясы мүмкіндікті құр жібермей Азия елдеріне жеңілдік ұсынып отыр.
Ал "Блумберг" басылымының дерегінше, Қытай ресейлік мұнайдан бас тарта бастады. Өйткені Бейжің АҚШ-тың қаржы жүйесіне тәуелді. Одан ажырап қалса, ірі банктер мен бірлестіктеріне қауіп төнеді. Сондықтан іргесіндегі көршісінен мұнай тасымалын толық көлемде болмаса да тежей тұруға мәжбүр. Бір есептен дәл қазір Қытайдың мұнайсыз қалам деп сасатындай жөні жоқ. Жеткілікті мұнай қорын жинап қойған.
Халықаралық Энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, Қытайдың қоймасында 500-550 млн баррель қара алтын сақтаулы.