Сауд Арабиясы Азияға арналған мұнайдың бағасын көтереді

1000

Ал Еуропаға сатылатын шикізат құнын арзандатады.

Сауд Арабиясы Азияға арналған мұнайдың бағасын көтереді Фото: reuters.com

Сауд Арабиясы сәуір айында Азия мен АҚШ-қа сатылатын мұнайдың бірқатар сұрыбының бағасын көтереді, еуропалықтарға арналғанын арзандатады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Saudi Aramco мемлекеттік компаниясына сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, азиялық сатып алушыларға арналған Arab Light баррелі 0,4 долларға қымбаттайды. Яғни Оман мен Дубайдағы мұнай қоржынынан 1,4 долларға қымбатырақ бағаға сатылады. Arab Heavy сұрыбының құны өзгермейді, қалғандарының бағасы шамамен 0,2 - 0,6 долларға өседі.

Сәуір айында Солтүстік-Батыс Еуропа елдеріне жеткізілетін мұнай бағасының 1,5-1,8 долларға, Жерорта теңізі бойында орналасқан елдерге сатылатыны 1-1,9-ға долларға төмендейді.

Еске сала кетсек, 4 наурызда өткен ОПЕК+ кездесуінде картель сәуір айында бір күнде өндірілетін мұнай көлемін сол қалпында қалдырған еді. Сауд Арабиясы келесі айда 1 миллион баррельге қысқарту режимін сақтайды. Кездесу алдында Ресей мен Сауд Арабиясы екіжақты келіссөздер жүргізген болатын. Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бин Салман абайлап әрекет етуге үндесе,ал Мәскеу өндірісті 500 мың баррельге арттыруды ұсынды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу