Сауд Арабиясы бір күндік өндіріс көлемін қысқарта бастады

703

Бұл мәліметті ОПЕК делегаты растады.  

Сауд Арабиясы бір күндік өндіріс көлемін қысқарта бастады

Сауд Арабиясы ақпан және наурыз айларында бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемін 1 млн баррельге қысқартады. Билік қаңтар айында осындай қадамға баратынын мәлімдеген еді.

Корольдік бұл ақпаратты ресми түрде жарияламаса да, қысқарту процесінің басталғанын ОПЕК делегаты растады.

Өткен айда ең ірі мұнай өндіруші саналатын бұл ел өндірісті 1,88 млн баррельге азайтып, бір күндік мұнай көлемін 9,1 млн баррелге дейін шектеген  болатын. Ақпан және наурызда бір тәулікте жер қойнауынан шығарылатын шикізат көлемі 8,1 млн баррельге дейін кемиді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу