Сауд Арабиясы қажылыққа баратындар үшін карантиндік шектеуді алды

500

Сауд Арабиясы қажылық сапарға пандемияға байланысты қойылған шектеулерді алып тастайды.  

Сауд Арабиясы қажылыққа баратындар үшін карантиндік шектеуді алды Фото: ult.kz

Al Arabia порталының хабарлауынша, Сауд Арабиясының Қажылық министрлігі COVID-19 індетіне байланысты биылғы қажылықты ұйымдастыруға қойылған шектеулерді алып тастауды жоспарлап отыр.

"Қажылыққа барушылардың саны коронавирустық пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралады, жас шектеулері болмайды", –  деді қаржы министрі Тавфик әл-Робиа.

Пандемияға дейін 2019 жылы 2,6 миллионға жуық адам қажылық парызын өтеген. Алайда 2020 және 2021 жылдары пандемия кезінде енгізілген шектеулерге байланысты қажылыққа барушылар саны азайды. 2022 жылы 1 миллион адамға қажылыққа баруға рұқсат берілген.

2022 жылы 18 бен 65 жас аралығындағы, толық екпе алған немесе коронавирусқа қарсы иммунитеті бар, созылмалы ауруы жоқ адамдар ғана қажылық парызын өтей алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу