Сауд Арабиясы мұнай бағасын түсірмекші

743

Brent баррелінің бағасы 38-43 доллар шамасында болады.

Сауд Арабиясы мұнай бағасын түсірмекші

Сауд Арабиясы желтоқсан айында Азия және АҚШ-қа арналған мұнайдың бағасын төмендетеді. Saudi Aramco компаниясының мұндай қадам қабылдауына коронавирус індеті себеп болып отыр.  

Азия сатып алушылары үшін Arab Light сұрыпты мұнайдың құны келесі айда 10 центке, АҚШ нарығы үшін 20 центке арзандайды. Бірақ Saudi Aramco Еуропадағы сатып алушыларына мұнайды 1 долларға қымбаттатып сатады. Компанияның болжамы бойынша, Brent баррелінің бағасы 38-43 доллар шамасында болады. 
Өткен аптада шикізат бағасы 10%-ға төмендеген еді. Өйткені Еуропаның бірқатар елі індетті тежеу үшін локдаун енгізді. Яғни бұл жақын арада сұраныс азаяды дегенді білдіреді.

Ескере кететін жайт, әлемдегі ең бай мұнай компаниясы саналатын Saudi Aramco-ның таза табысы үшінші тоқсанда шамамен екі есе азайды. Сондай-ақ оның еркін қаражат айналымы 1,7 есе қысқарған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу