Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқартады

951

ОПЕК елдері жұмыла қазіргі ахуалды реттемек. 

Сауд Арабиясы мұнай өндірісін қысқартады

Шикізат нарығы құлдырауда. Нарыққа кері әсерін тигізіп отырған – әлемде кең таралып жатқан жаңа коронавирус. Эпидемия кесірінен кәсіпорындардың жұмысы тоқтап, жанармайды тұтыну көлемі азайып, артынан "қара алтынға" деген сұраныс төмендейді. 

Кей сарапшылардың пікірінше, жақын арада нарықтағы жағдайды реттеуге ОПЕК атсалыспақ. 5-6 наурызда ұйым министрлері мен серіктестері кездесу өткізеді. ОПЕК-тің бас хатшысы Мұхаммед Баркиндоның сөзінше, ұйымға мүше елдер осы ахуалға қатысты ортақ шешімге келуге және нарықты тұрақтандыруға дайын. 

Мысалы, Сауд Арабиясы ұйымға мүше елдерді мұнай өндірісін қысқартуға көндірмек. Financial times басылымының хабарлауынша, Эр-Рияд шикізат өндірісін күніне миллион баррельге азайтпақ ниетте. 

Бұл шаралардың басым бөлігін Сауд Арабиясы өз қолына алса, ал қалған міндеттемелерді Ресей, Кувейт және БАӘ өзара бөлісіп алмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу