Сауд Арабиясы мұнай өндірісінің қысқаруына қатысты АҚШ шағымдарына жауап берді

537

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен корольдікке қатысты жауап беруге уәде етті.

Сауд Арабиясы мұнай өндірісінің қысқаруына қатысты АҚШ шағымдарына жауап берді

Сауд Арабиясының СІМ басшысы Корольдіктегі мұнай өндірісінің қысқару себебін атады. Корольдіктің СІМ басшысы Адель әл-Джубейрдің айтуынша, АҚШ-тағы бензиннің жоғары бағасы Сауд Арабиясының кінәсінен емес, АҚШ-тағы мұнай өңдеу зауыттарының жетіспеушілігінің салдарынан туындап отыр, деп жазады inbusiness.kz “РИА Новости” сайтына сілтеме жасап.

"Ондаған жылдар бойы мұнай өңдеу зауыттары салынбағандықтан, сіздерде қайта өңдеу тапшылығы мәселесі туындап отыр", - деді ол Fox News-ке берген сұхбатында.

Адель әл-Джубейр өз сөзінде Сауд Арабиясында АҚШ-қа зиян келтіру мақсаты болмағандығын атап өтті. 

ОПЕК+ елдері осы аптада қараша айынан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 2 миллион баррельге қысқартуға келісті. Санақ базасы ретінде тамыз айына келісілген өндіріс деңгейлері алынады.

АҚШ президенті Джо Байденнің мұндай шешімге көңілі толмады. Ол ОПЕК-тің энергия бағасын бақылауды төмендетудің қосымша құралдары мен мүмкіндіктері туралы Конгреспен кеңес өткізуге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу