Сауд Арабиясы Украинаға көмек ретінде 400 млн доллар қаржы бөледі

409

Жексенбі күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Сауд Киевке келіп, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.  

Сауд Арабиясы Украинаға көмек ретінде 400 млн доллар қаржы бөледі Фото: eadaily.com

400 миллион доллардың 300-і гуманитарлық көмекке және 100 миллион доллар мұнай өнімдеріне үлестіріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Украинадағы дағдарыстың экономикалық әсерін азайту үшін жұмыс істеп жатырмыз", - деді Әл Сауд кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында.

Украинадағы қақтығыста бейтараптықты ұстанатын және оны бейбіт жолмен шешуді жақтайтын Сауд Арабиясы Украинаға бірінші рет қаржылық көмек көрсетіп отырған жоқ. Қазан айында Эр-Рияд Киевке 400 миллион доллар бөлген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу