Сауд Арабиясы жылына 1 млн адамға қажылыққа баруға рұқсат берді

976

Сауд Арабиясы қажылыққа баруға рұқсат етілген адам санын жылына 1 миллионға дейін арттырды. Бұл туралы сенбі күні Қажылық және умра министрлігінен хабарланды, деп жазады inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясы жылына 1 млн адамға қажылыққа баруға рұқсат берді

Ал биыл Меккеге жыл сайынғы қажылыққа 65 жасқа дейінгі толықтай екпе алған азаматтар өте алады. Келгеннен кейін қажылар ПТР-тестінің теріс нәтижесін ұсынуы керек.  

3 ақпанда Сауд Арабиясы қажылықты 2022 жылы өткізетінін растады, оған дайындық форматын елдегі эпидемиологиялық жағдайға, сонымен қатар қажылар келетін елдердегі жағдайға сәйкес анықтайды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу