Сауд Арабиясына ет экспорттайтын қазақстандық компаниялардың саны артты

438

Тізімге тағы 19 компания қосылды.  

Сауд Арабиясына ет экспорттайтын қазақстандық компаниялардың саны артты Фото: osken-onir.kz

Сауд Арабиясына Қазақстан еті мен балын экспорттайтын компаниялардың саны өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімін шығаратын компания енгізілді. Осылайша, тізімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар", - деп  жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу